*Студенттермен кездесу*🎓🎓🎓 » «№100 Жұлдыз жалпы орта білім беретін мектебі»
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№100 Жұлдыз жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (702) 463-50-52
Есепші бөлімі:
+7 (702) 463-50-52
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
ақпан
2024

*Студенттермен кездесу*🎓🎓🎓

*Студенттермен кездесу*🎓🎓🎓

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №100 "Жұлдыз" жалпы орта білім беретін мектебінде 2023-2024 оқу жылындағы мектеп бітірушілерді болашақ мамандық таңдауға бейімдеу және кәсіби бағыт – бағдар беру мақсатында кәсіби бағдар беруші маман мен "Мектеп парламенті" Өзін өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен *«Мұндай мамандықтар бар!»* тақырыбында 2021-22 және 2022-23 оқу жылында мектепті бітіріп, қазіргі таңда жоғары оқу орындарында оқып жүрген І-ІІ курс студенттерімен кездесу кеші өтті.
Мақсаты: Оқушыларды жоғары оқу орындарындарында белгілі бір мамандықта білім алып жатқан студент жастармен кездестіре отырып, пікір алысуға, болашақ мамандығын таңдауда жүйелі көзқарас қалыптастыруға, кәсіби мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға, сол жолда тиянақты да, саналы білім алуға деген ұмтылысты оятуға бағыт беру.
Кездесуге келген әрбір студент өзі білім алып жүрген ЖОО-мен таныстырып, ондағы мамандықтар туралы қажетті ақпараттар және ҰБТ-ге дайындық жұмыстарын жүргізу барысында оқушыларға пайдалы кеңестер берді. Кездесу өте қызықты өтті. Кеш соңында студенттер оқушыларға өздерінің жылы лебіздерін және алдағы ҰБТ-ны сәтті тапсыру бойынша өз тілектерін білдірді.
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив