01
қыркүйек
2025
1 –ҚЫРКҮЙЕК БІЛІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «МЕКТЕП –МЕЙІРІМ МЕКЕНІ!» ТАҚЫРЫБЫНДА САЛТАНАТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАНЫҢ ЕСЕБІ
[img]https://www.instagram.com/p/DOD_fh1iJtn/?utm_source=ig_web_button_native_share[/img]
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№100 "Жұлдыз"жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 – 2026 оқу жылының 1 – қыркүйек Білім күніне арналған «МЕКТЕП –МЕЙІРІМ МЕКЕНІ!» тақырыбында салтанатты мерекелік іс-шара өтті. Бүгінгі күн оқушылар, ата-аналар мен ұстаздар үшін ең маңызды да ерекше күн. Мектебімізде, биылғы жаңа оқу жылында 40 оқушы 1 сыныпқа қабылданып, алғаш рет мектеп партасына отырды.Салтанатты іс-шарада мектеп директоры Абилдабекова Назия Алиханқызы мектеп шәкірттері мен ұстаздарға мерейі үстем жыл болуына, мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндер мен 11 сынып оқушыларына биылғы оқу жылында білімнің асқақ шыңына көтеріліп, мол табыстар мен ізденістерге жете берулеріне тілек білдіріп, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
Сондай-ақ салтанатты жиынға Шымкент қалалық полиция департаментінің қызыметкері полиция полковнигі Әділбеков Бахытжан Сатыбалдыұлы, Қамқоршылық кеңестің мүшесі Төлеев Амирхан, ардагер ұстаздарымыз арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді.
Мерекелік жиын мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасымен жалғасын тауып, жаңа 2025-2026 оқу жылының алғашқы қоңырауы да соғылды.
My WebpageАлғашқы қоңырау